• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

215 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр.

«Көрікті мекеннен есімі ел тарихына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз шыққан. Бұл – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған Наурызбай, Райымбек батырлардың дүниеге келген жері. Бұл – Сүйінбай мен Жамбылдай ақындардың елі.

Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев және Бердібек Соқпақбаев бастаған төл мәдениетіміздің біртуар тұлғалары да – осы өңірдің перзенттері. Бір сөзбен айтсақ, Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ», деді Президент.