• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

«Жайлы мектеп»: Алматы облысында 39 мектеп салынады

273 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуі барысында аймақта үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін шұғыл шешу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлт болашағы ұрпақтың білімді болуына байланысты. Мен білім саласына, оның ішінде әрбір өңірдегі мектептердің жай-күйіне айрықша мән беріп отырмын. Алматы облысында үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі әлі шешімін таппай келеді. Аймақта осындай 52 мектеп бар. Небәрі 30 мың оқушыға есептелген мектептерде 90 мыңға жуық бала оқып жатыр. Бұл мәселені шұғыл шешу қажет», деді Мемлекет басшысы.

Ел Президентінің айтуынша, бұл жұмысқа мемлекет және жекеменшік серіктестігі арқылы бизнес өкілдерін тарту керек.

«Өңірде осындай игілікті іске атсалысуға дайын кәсіпкерлер бар деп ойлаймын. Менің тапсырмам бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 39 мектеп салынады. Бұдан бөлек, Қонаевта дарынды балаларға арналған лицей және интернат ашу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Мектеп салу және оны жаңғырту – әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіштердің бірі», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.