• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2022

Президент Алматы облысындағы жайылым мәселесіне тоқталды

157 рет
көрсетілді

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы жұртшылықпен кездесуінде өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аймақта тағы бір өзекті мәселе бар. Бұл – тұрғындардың малын жаятын жердің тапшылығы. Биыл облыста бос жатқан 300 мың гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі – жайылым. Жер иелері 100 мың гектар жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Оның 50 мың гектары қазірдің өзінде халықтың игілігіне берілді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол өңірде жеміс-жидек өсіруге зор мүмкіндік барын, бірақ, бұл мүмкіндікті толық іске жарата алмай отырғанымызды айтты.