Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге Қонаев қаласының орталығын аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 19 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы өңір жұртшылығымен кездесіп, елге еңбек сіңірген бірқатар азаматтарды марапаттады.