• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қазан, 2022

Салтанат Тұрсынбекова Президенттікке кандидат ретінде тіркелді

460 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібінде Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен С.Тұрсынбекованың кандидатурасының заң талаптарына сәйкестігі анықталды.

Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдауға уәкілетті тұлғалар еліміздің 18 өңірінде 119 316 азаматтың қолын жинады. Оның 119 316 қолы тексеріліп, 118 434-і шынайы деп танылды.

Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты, Мейрам Қажыкенді, Жигули Дайрабаевты және Қарақат Әбденді тіркеген еді.