• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қазан, 2022

Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы жұмысын бастады

290 рет
көрсетілді

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен үміткер ретінде ұсынылған Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық штабта қажетті жағдайлар жасалған. Бес күн ішінде штаб қызметкерлері сайлау заңнамасының талаптарымен танысты.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованы қолдау жөніндегі штаб мүшелері жұмысқа кірісті. Астанада 10-ға жуық адам, сондай-ақ еліміздің 20 өңірінде облыстық филиалдардың мүшелері жұмыс істейді.