Еуропалық Кеңестің президенті Қазақстанға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабар таратты, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды», делінген хабарламада.
Сапар аясында Еуропалық Кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.