• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2022

Түркістандықтарды алдаған алаяқ ұсталды

148 рет
көрсетілді

Түркістан облысында алаяқтықтың 8 фактісіне қатысы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Келес ауданының полициясына өтініш жазған. Жәбірленушінің айтуынша, қаскүнем оны мемлекеттен 5 млн теңге өтеусіз субсидия алуға көмектесетініне сендірді. Алаяқ өз қызметі үшін 300 мың теңге талап еткен. Алайда, бір жылдан кейін ер адам уәде етілген субсидияны ала алмай, ақшасынан да қағылды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды.

Анықталғандай, ол дәл сол схеманы қолданып, облыстың тағы бірнеше тұрғындарын алдап үлгерген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын шамамен 2 млн теңгені құрады. Ол бұл ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.