• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қараша, 2022

Мектептерге академиялық автономия кезең-кезеңімен беріледі

397 рет
көрсетілді

Жеке пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру қажет. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орта білім берудің өзекті мәселесі – білім мазмұны мен сапасы. Орта білім беруде 2016-2021 жылдар аралығында барлық мектептер жаңартылған мазмұнға көшті. Критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Сонымен қатар мониторингтік зерттеулер жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіруді қажет ететінін көрсетті. Бүгінгі таңда жұмыс топтары құрылып, жаңа мемлекеттік стандарт пен оқыту бағдарламалары дайындалуда», деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, академиялық автономия мектептерге кезең-кезеңімен енгізіледі. 

«Мектепті аттестаттау жүйесі репрессиялық мазмұннан диагностикалық бағытқа көшеді. Мектептердегі қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін халықаралық деңгейде тану жұмыстары жүргізіледі», деді министр.

Сондай-ақ ол балаларды үйірмеге тарту білім саласы үшін маңызды екенін атап өтті. 

«Оқушылар сарайы, жас техниктер станциялары, музыка және өнер мектептері, балалар технопарктері ашылады. Білім беру ұйымдарында пікірталас қозғалысы, мектеп және оқушылардың өзін-өзі басқаруы белсенді түрде дамып келеді. Бұл балалардың сыни және аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Біз барлық мектептерде дебат қозғалысы мен мектеп парламенттерін дамытамыз», деп қосты А. Аймағамбетов.

Ол оқу орындарында шахмат ойындарын дамытуға қолдау көрсетілетінін айтты.

«Мектептердегі шахмат секцияларына 200 мыңнан астам бала тартылған. Федерация бұл бағытта, яғни оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және жаттықтырушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізеді», деді А. Аймағамбетов.