• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2022

Алматы облысында есірткі сақтаған екі ер адам ұсталды

128 рет
көрсетілді

6 қарашада Қонаев қаласы ПБ ЖПҚБ және ОКПБ қызметкерлерімен Chana көлігі тоқтатылды. Автокөлікті тінту барысында салмағы 15 келіден асатын марихуана өсімдік тектес заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қонаев қаласы Полиция басқармасының полицейлері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттік тасымалдау арналарын жабу, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтаумен және таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар