• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2022

Еуропаның алты компаниясы Қазақстанға көшіп келеді

247 рет
көрсетілді

Еуропаның алты ірі компаниясы өндірісі мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz,

Премьер-Министрдің айтуынша, Ресей нарығынан шығып кеткен 300-ден астам еуропалық компаниялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Өндіріс орындарын көшіруге 50-ден астам компания қызығушылық танытты. Алты компания қазірдің өзінде шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшіруде. Қалған компаниялар зерттеу және жергілікті компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Олар мүмкіндіктерді зерттеп жатыр», деді Ә.Смайылов Сенат отырысында.