Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.