• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қараша, 2022

Алматыда салынып жатқан үй өртенді

183 рет
көрсетілді

14 қарашада Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Қайрат» шағын ауданында құрылыс жүріп жатқан екі қабатты үйдің шатырында өрт шықты. Қалалық ТЖД хабарлағандай, оқиғадан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Мамандардың айтуынша, құрылыс материалдары жанып, өрт тез тараған.

Сондай-ақ оқиғадан бір адам зардап шеккені анықталды. Ер адам өртті өздігінен сөндіруге тырысып, дене жарақаттарын алған. Науқас ауруханаға жеткізілді.