• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2022

Алматыда 12 жастағы бала көлік астында қалды

338 рет
көрсетілді

Алматы облысында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға бүгін 14:00 шамасында болған. ІІМ ресми интернет порталы оқиғаның видеосын жүктеді.

«34 жастағы «Honda Avancier» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Шелек ауылы, Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды», деп жазды ІІМ ресми сайты.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді.