Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Джакарта және Бангкок қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Сайлауға еліміз бойынша барлығы 10 101 учаске тартылады. Сондай-ақ 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылады. Кей мемлекеттерде дауыс беру басталып кетті.
Сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Джакарта және Бангкок қалаларында дауыс беру басталғанын хабарлады.