• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Қазақстанда президент сайлауына дауыс беру басталды

420 рет
көрсетілді

20 қараша сағат 7:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы президентін сайлауға шетелдегі сайлау учаскелерін қосқанда барлығы 8 162 нүктеде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағат 7.15-тегі жағдай бойынша елімізде 8150 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ 11 мемлекеттегі 12 сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. 86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталған.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі. Тізімге енгізілген азаматтардың саны - 11 млн 950 мың 485. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 22578 есептен шығару куәлігін берді», деді ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К. Петров.

Айта кетейік, Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске жұмыс істейді.