• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Алматы облысының тұрғындары белсенді дауыс беруде

201 рет
көрсетілді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаевтағы мәдениет үйінде орналасқан №949 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін мен конституциялық құқықтарымды пайдаланып, азаматтық борышымды орындадым – президент сайлауына қатыстым. Біз алғаш рет жеті жылдық кезеңге президентті таңдаймыз. Сондықтан бүгін еліміздің алдағы жеті жылға арналған ең маңызды даму бағыттары айқындалатын болады», деді әкім журналистерге.

Оның пікірінше, Алматы облысының тұрғындары белсенді дауыс беруде.

«Менің ойымша, сайлау учаскелері бойынша Алматы облысының тұрғындары бүгін таңертеңнен бастап өте белсенді дауыс беріп жатыр», деді өңір басшысы.

Айта кетсек, Алматы облысының аумағында барлығы 606 сайлау учаскесі ашылды. Олар сайлау күні жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.