• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2014

Даңқ

519 рет
көрсетілді

«Жас ұлан» республикалық мек­тебінде өткен С.Қ.Нұр­ма­ғам­­­­­­­бе­товтің ескерткіш мүсінінің ашылу рәсімінде министр осы іс-ша­­­ра­ның Қазақстан Қарулы Күштері та­рихы үшін маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен және тікелей қолдауымен «Жас ұлан» мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтің аты берілгендігін атап өткен ведомство басшысы: «Бұл оқиға республика Тұңғыш Қорғаныс министрінің Қазақстан армиясын құруға сіңірген еңбегін тану болып табылады», – деді. «Даңқты генералдың өмір жолы – әскери қызметшілердің көптеген буындары үшін ерлік пен Отанға шынайы берілгендіктің үлгісі. Ал оның есімі тәуелсіз Қазақстанның тарихында және ел есінде мәңгілік қалады», – деді С.Ахметов. Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. «Егемен-ақпарт». АСТАНА.