• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қараша, 2022

Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі артты

365 рет
көрсетілді

Биыл күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы 1 млн гектарға дейін ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96%-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Айта кетсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. 

Сондай-ақ елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі де өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.

Ведомство өкілдері атап өткендей, отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.