Ертең елордада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларына арналған сабақтар онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Астананың білім басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мұндай шешім ауа райының нашарлауына байланысты қабылданды.
«Қазгидромет» мәліметінше, 28 қарашада Астанадағы ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді.