• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2022

Елімізде 10 айда 950 мың тоннаға жуық ет өндірілген

334 рет
көрсетілді

Қазақстанда 10 ай ішінде 948,5 мың тонна ет өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш орта есеппен 0,5%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте жылқы етінің өндірісі - 4,8%-ға өсті. Бұл 114,1 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ құс еті 2,9%-ға өсіп, 239,6 мың тоннаны құрады. Жыл басынан бері 400,1 мың тонна сиыр еті, 113,7 мың тонна қой еті, шамамен 61.2 мың тонна шошқа еті өндірілді.   

Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай ет экспорты 1 млн долларға жетті. Экспорттың басым бөлігі сиыр етіне тиесілі - 13,5 мың тонна, сондай-ақ шетелге 6,7 мың тонна қой еті мен 9,5 мың тонна құс еті сатылды.

Сондай-ақ алыс және жақын елдерден барлық түрдегі 110 мың тонна ет импортталды. Импорттың басым бөлігі, яғни 97,5 мың тонна - құс етіне тиесілі.