ҚР ІІМ қыс түсіп, суық ауа райының басталуына байланысты автожолдардағы көлік қозғалысына ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, заңнамаға сәйкес 1 желтоқсаннан бастап қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
«Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ осы баптың 6-бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес маусымнан тыс шиналарды пайдаланғаны үшін 5 АЕК айыппұл қарастырылған. Яғни заңнама бұзған көлік жүргізушілері 16 мың теңге айыппұл төлейді.