• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қараша, 2022

Алаяқтар халықтан 15 миллиард теңге жымқырған

419 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай 2022 жылы орын алған алаяқтық туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Бүгінде ақпараттық технологиялар әрбір адамның өміріне мықтап енді. Өкінішке қарай, киберқылмыс, соның ішінде интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтық фактілері де жиілеп кетті», деді Жандос Сүйінбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 18 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш. 

«Алаяқтардың әрекеті салдарынан жыл басынан бері қазақстандықтарға 15 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген», деп түйіндеді спикер.