Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer вакцинасының 210 мың дозасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бізге Словакиядан гуманитарлық көмек келді. Екпе алғысы келетін барлық азаматтарға мүмкіндік береміз. 210 мың доза Pfizer бар. Негізінен халық ревакцинацияны бір дозамен алады», деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Парламент Сенатында өткен үкімет сағатында.
Оның айтуынша, Қазақстанда вакцинаның үш түрі бар. Бұл шамамен 700 мың доза QazVac, Sinopharm және Pfizer.
«Екпе егу жүріп жатыр, халық күн сайын ревакцинация алады, 2-3 мыңға жуық адам егіледі, олар қайта вакцинацияға барады», деп қосты А.Ғиният.