• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Желтоқсан, 2022

Түркістан тұрғындарын 7 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

374 рет
көрсетілді

Алаяқ Түркістан облысының тұрғындарын 7 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісай аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Жас келіншектің айтуынша, оған банктен 900 мың теңге қарызды төлеу керек екені туралы хабарлама келген. Алайда, жәбірленуші әйел несие алмағанын айтып, полициядан барлық мән-жайды анықтауды сұраған.

Хабарламаны алған тәртіп сақшылары жедел шаралар қабылдап, қажетті шараларды жүргізіп, күдіктіні ұстады. Полицейлер жәбірленушіге тауарлық несиені оның туысы бергенін анықтады.

Белгілі болғандай, әпкесінің сеніміне кіріп, оның ұялы телефонын пайдаланып, түрлі гаджеттерге несие берген. Сондай-ақ ер адамның жеті алаяқтық фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 7 миллион теңгені құрады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды, полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.