Бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен 9 жастағы Айша Тимур табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айшаның үстінде қызғылт күртеше, мектеп белдемшесі болған. Аяғына қара етік киген. Басында көк қалпағы бар.
ІІМ сайтында іздеу жарияланған қыздың арық денелі, шашы қара түсті екені жазылған. Сондай-ақ ол сабаққа қызыл түсті рюкзак асынып кеткен.