Еріктілердің көмегінің арқасында 6 желтоқсан күні таңертең Алматыда жоғалып кеткен 9 жастағы оқушы аман-есен табылды, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы – балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.
Оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және тұрғындар жұмылдырылды.