• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Желтоқсан, 2022

Жалған ақпарат таратқан депутат сотталды

281 рет
көрсетілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Карелиядан келген  депутат Пулковода ұшақ жарылғаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды. Бұл туралы қалалық соттардың бірлескен баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға биылғы 21 тамызда болған. Куркиекский елді мекенінің депутаты Михаил Баев Пулководан Самараға ұшуы тиіс болған. Бірақ әуежайға кешігіп келе жатқан соң қитұрқы әрекетке барған. Нақтырақ айтсақ, Баев полицияға хабарласып, оның ұшатын ұшағына бомба қойылғанын хабарлаған. 

Әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері ұшақты тексерді, бірақ ештеңе таппады. Содан кейін полиция депутатты тұтқындады. 

«Сот Баевтың бұрын сотталмағанын, есепте тұрмағанын, зейнеткер екенін, бала асырап отырғанын (2009 ж.т.), сондай-ақ кәмелетке толмаған созылмалы аурулары бар баласы (2006 ж.т.) бар екенін анықтады. Куркиекский елді мекенінің әкімшілігі де ол жайлы оң пікір білдірді», делінген хабарламада. 

Осылайша, сот депутатты үш жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырды.