Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларының тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полицейлер пәтер ұрыларын 7 желтоқсанда ұстаған. 1994, 1995 және 1986 жылғы күдіктілер бұрын бірнеше рет сотталған Жамбыл ауданының тұрғындары болып шықты.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Іле ауданының Полиция басқармасында тіркелді.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.