• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Желтоқсан, 2022

Биыл өндіріс орнында 1124 жұмысшы жарақат алған

275 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отрысында Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы айтты. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр.

Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ ол өндірістік жарақаттардың нағыз проблемаға айналғанын да жасырмады. Оның айтуынша, биыл өндіріс орнында 1124 жұмысшы жарақат алып, оның 157-сі қайтыс болған. 

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында 2006 жылдан бері 20-дан астам жазатайым оқиға болып, 100-ден астам азаматымыз қаза тапты. Биылдың өзінде 14 адам қайтыс болды, оның ішінде 1 жұмысшы өткен аптада көз жұмды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың хабарламаларына сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ әрі шұғыл шаралар күтуде. Сондықтан бұл жағдайды Премьер-Министр өз бақылауына алсын», деді Президент.