• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Желтоқсан, 2022

Күнбағыс экспортына ешқандай шектеу жоқ - министрлік

358 рет
көрсетілді

БАҚ-та жарияланған Қазақстан егіншілер Одағының өтінішіне қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта күнбағыс экспортына ешқандай шектеулер жоғын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылғы қыркүйек - 2022 жылғы маусым және 2022 жылғы шілде-қыркүйек кезеңдерінде қолданыста болған квоталар аяқталды. Бұл ретте квоталардың мөлшері күнбағыс өндірісі мен тұтыну теңгерімі негізінде белгіленді.  Күнбағыстың негізгі көлемі егін жинағаннан кейін желтоқсаннан қаңтарға дейін экспортталғаны ескерілді. Алдыңғы жылдардағы квоталардың ең үлкен көлемі дәл осы айларда белгіленді. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте квоталардың қолданылу кезеңінде күнбағыс тұқымдарының экспорты барлығы 133,9 мың тоннаны құрады, ал 2021 жылғы ұқсас кезеңде квоталардың қолданысынсыз – 113,3 мың тонна болды», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осылайша, квоталарды енгізу экспорттаушыларға күнбағыс көлемін өткен жылдар көлемінен аспайтын деңгейде әкетуге мүмкіндік берді, ал мемлекетке - күнбағыс тұқымына деген сұраныс пен әлемдік бағаның жоғары болуына байланысты күнбағыс майы мен құс жеміне арналған жем-шөп және күнбағыс күнжарасы түріндегі (күнбағыс өңдеу кезіндегі қайталама өнім) өндірістің ішкі нарығы отандық шикізатсыз қалатын жағдайға жол бермеуге мүмкіндік берді.

Қазір біз күнбағыс экспортына бұрын енгізілген шектеулердің оң нәтижесін көріп отырмыз.  2022 жылдың 11 айында күнбағыс майы өндірісі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,6% - ға өсті.  Экспорт 204,8 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 2,5 есе көп (79,9 мың тонна). Сонымен қатар, 2021 жылы қайта өңдеу қуаты 594 мың тонна болатын 3 жаңа зауыт іске қосылды. Қазіргі уақытта күнбағыс өңдейтін 47 кәсіпорынның жалпы қуаттылығы 2,8 млн тоннаны құрайды.

Еліміздің сыртқы сауда ағындарын реттеу, оның ішінде шикізат пен басқа да тауарлардың экспортына шектеулерді енгізу және жою жөніндегі шешімдер сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға (ХЭҰ) қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қабылданады. Экспорттық баж салығын енгізудің барлық аспектілері 2022 жылы талқыланды, Қазақстанда Өсімдік майы өндірісінің қазіргі және перспективалық өсуін, оны ішкі нарықта тұтынуды, май мен шикізатқа әлемдік бағаны, күнбағыс тұқымы импортының көлемін және т.б. ескере отырып, биылғы жылы нақты қабылданған квоталар баждардың орнына енгізілді.

Қазір 2023 жылдың басынан бастап жоспарланған күнбағыс экспортына экспорттық бажды қолданысқа енгізу туралы бұйрықтың жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылауда және экспорт көлеміне шектеулер көздемейді. 

Бұдан басқа, экспорттық баж қолданысқа енгізілгенге дейін отандық күнбағыс майын өндірушілермен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумдар жасалады. Онда зауыттан босату бағасы литріне 750 теңгені құрайды.