• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр

612 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмаудың 2,1 миллионнан астам жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудниктің айтуынша, елімізде ЖРВИ және тұмау жұқтырғандар саны күрт көбейген. 

«Санитарлық қызметтің мәліметінше, эпидемия басталғалы бері, яғни 1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 2 млн 100 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 1 млн 370 мың жағдай анықталды. Біз патогенді зерттедік. Нәтижесінде, В тобындағы вирус таралып, ол барлық дерлік аймақтарда байқалатыны анықталды. Сондай-ақ суық тиюмен сырқаттанушылықтың өсуі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 10%-ға жоғары», деп нақтылады министрдің орынбасары брифинг барысында. 

Соңғы жаңалықтар