Елорда мектептерінің бірінде бесінші сынып оқушысы отшашу жарған. Оқиға 20 желтоқсан күні түстен кейін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғошев ведомствода өткен брифингте ғимараттардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынғанын еске салды.
«Полиция қызметкерлері мектеп педагогтарының қатысуымен кәмелетке толмаған баламен әңгімелескен. Ол петарданы мектепке жақын орналасқан сауда үйлерінің бірінде сатып алғанын мойындады. Бутикті тексеру нәтижесінде сатушыдан сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың 10 қорабы табылды. Нәтижесінде, 196-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалып, сатушыға айыппұл салынды», деді Әміржан Байғошев.
Аға инспектор мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.