• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2022

Мереке қарсаңында үздіктер марапатталды

498 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында білім саласының жыл қорытындысына арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы міндетін уақытша атқарушы Ғазиза Әлібекқызы, Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының маманы Сакен Нұрлыбайұлы, Жетісай ауданы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов, мәслихат депутаттары, оқу орындарының басшылары мен мектеп мұғалімдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Мерекелік жиын барысында өз саласында оза шапқан 100-ден астам мұғалімдерге арнайы алғыс хаттар табысталып, соның ішінде үздіктерге, педагог мәртебесін көтеріп, ынталандыру мақсатында кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сертификаттар берілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Еркінбек осы іс-шараға Жетісай ауданының ұстаздарын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі белсенді еңбегі және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы қызметі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, Құрмет Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапаттауларын жолдады.

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы және кәсіподақ ұйымының маманы Сәкен Нұрлыбайұлы жыл үздіктеріне арнайы Алғыс хаттармен қоса қаржылай сертификаттар табыс етті.

Бас жүлде –   Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясына «Үздік мектеп» 100 000 теңге сертификаты мектеп директоры Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлына тапсырылды.

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі  басшысы міндетін уақытша атқарушы Ғазиза Әлібекқызы, ұстаздарға сәттілік тілеп, алғыс айта отырып, бұл форматтағы іс - шаралар жалғасын табатындығын айтты.