Жаңа жылдың алғашқы жекпе-жегінде «Барыс» хоккей клубы «Металлургті» жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есепті қонақтар ашты. Егор Коробкин қақпаға жақын тұрған Павел Акользинге керемет пас берді. Екі минуттан кейін магнитогорлықтар жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырды. Брендан Лайпсик өз командасының артықшылығын нығайтты.
Тамерлан Гайтамиров ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын лақтырды. Сондай-ақ Александр Борисевич Энтони Луистің қақпаның артынан берген пасын ұтымды пайдаланып, гол соқты. Бұл шайба қазақстандықтарға жеңіс әкелді.
5 қаңтарда Андрей Скабелканың шәкірттері Хабаровскіде «Амурмен» ойнайды.