• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қаңтар, 2023

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

303 рет
көрсетілді

Бүгін Астана әуежайында 45 рейс кешіктірілді. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қолайсыз ауа райына байланысты Астана қаласына/қаласынан 45 рейс кешіктірілді және тоқтатылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең 28 рейстің кешігуі туралы хабарланған еді. Айта кету керек, елордада екінші күн қатарынан боран соғып тұр.

Қала әкімдігі мәлім еткендей, бір түнде Астанадан 36 мың текше метрден астам қар шығарылған.