• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2023

Қазақстандық ғалымдардың жалақысы өсе ме?

416 рет
көрсетілді

2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгені, ал ең жоғарғы мөлшері - 1,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің ғалымдар тұрақты жалақы ала бермейтіні белгілі. Олардың жалақысы конкурстардың нәтижелеріне байланысты болды. Қазір ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құрады. Бүгінгі таңда біз жұмыс істейтін жетекші ғалымдардың жалақысын 72%-ға арттырдық. Сондай-ақ жетекші ғалымдарымыз гранттардың нәтижелеріне тәуелді болмас үшін іргелі ғылымды негізгі қаржыландыру форматын қайтардық. Бүгінгі таңда 11 ғылыми-зерттеу институтын тікелей қаржыландыру енгізілді», деп түсіндірді Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген отырысында.

Министрдің айтуынша, ғалымдардың жалақысы толық мазмұнмен ұлғайтылған.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгені, ең көбі 1,5 млн теңгені құрады. Осылайша, ғылымды қаржыландыруды 3,5 есе арттырдық. Егер 2022 жылы 58 млрд теңгені құраса, биылғы жылы - 158,6 млрд теңге, 2024 жылы - 244 млрд теңге, 2025 жылы - 240 млрд теңге», деп қосты министр.