Бүгін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 20-ға жуық әуе рейсі кешіктірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Рейстердің кешігуіне қолайсыз ауа райы себеп болған.
«Әуежайда қарды, оның ішінде ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстары үнемі жүргізіледі», деп қосты әуежайдың баспасөз қызметі.