• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қаңтар, 2023

Машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленеді

289 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлейді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов машина жасау кәсіпорындарының өкілдерімен онлайн форматта жиын өткізіп, құжатты дайындау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

«Кешенді жоспарды әзірлеу шеңберінде саланың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіліп, түйткілді мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын табу қарастырылған. Сонымен қатар 2030 жылға дейін саланы кезең-кезеңімен реформалау және кешенді дамытудың негізгі тәсілдеріне назар аудару қажет», деп атап өтті Ілияс Оспанов.

Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы Азамат Ахметовтің айтуынша, машина жасау саласын қолдау мен дамытуға бағытталған жүйелі шаралар әзірленеді.

«Кешенді жоспардың негізгі мақсаты - нақты өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін өндіру, экспортты арттыру және машина жасау саласындағы дайын өнім импортын азайту», деді А. Ахметов.

Өз кезегінде құжатты әзірлеушілер тобы алдағы уақытта барлық кәсіпорынмен негізгі мәселелерді талқылайды.