• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2023

ӘМСҚ Руслан Бектібаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

324 рет
көрсетілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының бұрынғы директоры Руслан Бектібаевты ұстауға қатысты ресми органдар пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствода хабарлағандай, 2022 жылдың ақпан-тамыз айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қордың барлық филиалдарының жұмысын кешенді тексеруге бастамашылық жасады.

2022 жылғы маусымда Маңғыстау облысына 2017-2021 жылдар кезеңінде тексеру жүргізілді. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шарттарын жасасу кезінде жіберілген бірқатар бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді.

«Тексеру барысында жалған медициналық қызмет көрсету деректері анықталып, олар медициналық ақпарат жүйелеріне енгізілгені анықталды. Осылайша, көрсетілмеген ауруханаға жатқызу және вакцинация фактілері анықталды», делінген хабарламада.

2022 жылғы тамызда Қор осы факті бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті органдарға өтініш жолдады.

Бұған дейін Ақтауда әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры филиалының басшысы Руслан Бектібаев қаржылық алаяқтық жасағаны үшін қамауға алынғанын хабарлаған едік.