• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2023

Сенат сайлауында заң бұзушылық тіркелген жоқ - ОСК

261 рет
көрсетілді

14 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дауыс беру күні аумақтық сайлау комиссиялары мен сайлаушылардан «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарын бұзу фактілері туралы арыздар түскен жоқ», деді Асылбек Смағұлов Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Өз кезегінде ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров бұл сайлау әділ өткенін атап өтті.

«Демек, бұл дауыс берудің, сондай-ақ басқа да сайлау рәсімдерінің сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өткендігінің көрінісі», деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлаудың қорытындыларын айқындау және жариялау туралы қаулылар қабылдады.