Оқиға куәгерлері сағат 13:00-де полицияға хабарласып, Қалдаяқов көшесіндегі үйдің 15-ші қабатында ер адамның терезеден аяғын салбыратып, секіруге тырысып жатқаны туралы жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына Астана қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілген. Аға лейтенант Айбек Дүйсенов пен капитан Мұратбек Омарбеков тез арада жоғары қабатқа көтеріліп, есіктерді қаға бастаған. Жігіт отырған терезе орналасқан пәтердің есігін қыз ашып, болып жатқан жағдай туралы полицейлерден естіген. Жағдайды ұққан тәртіп сақшылары пәтерге жүгіріп кірген және жігіттің қозғалған сәтін пайдаланып, терезені аша салысымен оны ішке қарай тартып алған. 17 жастағы жігітті мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр.
Психологтар жігітпен профилактикалық жұмыс жүргізіп, оны заңды өкіліне табыстады.