Зорлық-зомбылық қолдану арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлік талап еткен кісі бопсалаушылар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының ПБ-да ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшалай қаражат алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы бес азаматты ұстады», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.