Алматы облысында 12 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу фактісі тіркелді. Мектептегі төбелес кезінде 5-сынып оқушысы басынан жарақат алып, миы шайқалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын дәлізде орын бермегені үшін соққыға жыққан. Басынан алған соққыдан кейін жасөспірім еденге құлаған. Жарақат алған оқушы ауруханаға жатқызылды. Қазір бала палатада.
«Шағым түскен кезде бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу пайда болды. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Бала қазір азды-көпті белсенді, бірақ әлі де төсек демалысын қажет етеді», деді дәрігер.
Жәбірленушінің анасы полицияға арызданған. Қазірдің өзінде бұл оқиғаны кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия тексеріп жатыр.