• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Қаңтар, 2023

Астананың әр ауданында кітапханалар ашылады

292 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы кітапханалар желісін дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кітап оқу мәдениеті жайлы айттым. Алайда, қалада кітапханалар желісі дамымай тұр. Астанада небәрі 18 кітапхана бар. Оның кейбіреуі 40 шаршы метрден аспайтын бөлмеде отыр.

Кітапханалар заман талабына бейімделіп, коворкинг орталығы сияқты жұмыс істеуі керек. Бұл салада ақпараттық технологияны кеңінен қолданған жөн. Әр ауданда заман талабына сай кітапхана ашу қажет», деді Президент.

Сонымен қатар Президент қазір студенттерге 13 мыңға жуық орын жетіспейтінін айтты. Сондықтан ол Ғылым және жоғары білім министрлігі осы мәселелерді ерекше бақылауға алуы керек екенін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар