• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қаңтар, 2023

Алматы облысында су тасқынына қарсы шаралар жүргізілді

304 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылындағы Талас өзенінің арнасын механикалық тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары басталды. Бұл іс-шаралар су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақастек ауылында 700 жеке тұрғын үй бар, онда 4 000-ға жуық адам тұрады.

«Өткізілген іс-шаралар барысында Талас өзенінің арнасындағы мұзды ұсақтау, тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. 50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар», делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар бүкіл Алматы облысында жүргізілетін болады.