Сырт алаңдағы финалдық кездесуде «Барыс» Мәскеудің ЦСКА командасын 6:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Кездесу тартысты өтті. Екі команда бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл жасады. Матчтың үшінші кезеңінде командалар 5:5 есебімен теңесті.
Негізгі кезең 5:5 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Жеңіс шайбасын Никита Михайлис соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласын овертаймда 6:5 есебімен жеңді.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 13 ақпанда елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.