• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2023

Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды

337 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осылайша, жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленді. Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды», деп жазылған хабарламада.

Антикор жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып жатыр.