9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-де тіркелді.Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы үш күдікті ұсталды. Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның басын жаралағаны анықталды.Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.