• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Ақпан, 2023

Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушы туралы белгілі болды

571 рет
көрсетілді

Петропавлдағы мектеп оқушысының балта мен пышақпен жасаған шабуылының мән-жайы белгілі болды. №4 мектептің оқушысы шабуылдан қалай аман қалғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Мен дәретханаға барайын деп есікті ашқанымда 9-сыныпта оқитын оқушы балтамен ұра бастады. Ол мектеп формасын және бетперде киген. Қолында балта мен пышақ болды. Ол менімен қатар 9-сыныптағы бала мен 10-шы сыныптың қызына шабуыл жасады», деді Владислав Горбаченко.

Зардап шеккен мектеп оқушысының айтуынша, жасөспірім үнсіз шабуыл жасаған. Барлығы санаулы минуттарда болған.

Зардап шегушінің анасы Вера Горбаченко баласының басынан, мойнынан және кеудесінен соққы алғанын айтты. Ол жасөспірімнің мектепке балтамен еркін барғанын айыптады.

«Ол мектепке сөмкесіне балта салып, алып барған. Мектепке кірер кезде оқушылардың сөмкелері тексерілмейді. Балалардың сөмкесін тінтуге ешкімнің құқығы жоқ, мұны өздеріңіз жақсы түсінесіздер», деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1.14-тармағы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша соталды тергеу басталғанын айтты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ұсталып, онымен полиция жұмыс істеп жатыр.